Төтенше жағдайлар вице-министрі Мереке Пішембаев жұмыс сапарымен Абай облысына барды

Төтенше жағдайлар вице-министрі Мереке Пішембаев жұмыс сапарымен Абай облысына барды

2023 жылғы 5 қазанда Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыс орталығында төтенше жағдайлар вице-министрі ТЖМ ведомстволық бағынысты мекемелерінің басшыларымен және Абай облысы ТЖД жеке құрамымен кездесті. Кездесу барысында азаматтық қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы бірқатар мәселелер талқыланды.

Вице-министр Абай, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарындағы табиғи өрттерге қатысты соңғы аса маңызды төтенше жағдайлар, табиғи сипаттағы төтенше жағдайларды жою саласындағы проблемаларды көрсеткенін атап өтті.

Қазіргі уақытта барлық мүмкіншіліктер оларды шешуге бағытталған. Ол төтенше жағдайлардың салдарын жою жүйесінен олардың алдын алуға, сондай-ақ төтенше жағдайларға ден қоюға дайындықты арттыру арқылы тәуекелдерді азайтуға көшу қарастырылғанын атап өтті.

Кездесу барысында департамент бастығы Манарбек Шапағатов, Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Абай облысы бойынша департаментінің басшысы Рашид Дубаев баяндама жасады. Өз сөзінде М. Шапағатов бүгінгі күні алдағы жылу беру кезеңіне дайындық мәселесі өзекті болып табылады, сондықтан, тұрғын үй секторындағы өрттерге қатысты жағдайды тұрақтандыру, өрт кезінде адамдардың қаза болуы мен жарақаттануын болдырмау мақсатында 2023-2024 жылдарға арналған жылу беру кезеңінде тұрғын үй секторында өрттің алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспарын жылу беру кезеңінің соңына дейін жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Қазіргі уақытта Абай облысының аумағында өрт қауіпсіздігі айлығының екінші кезеңі өткізілуде.Сонымен қатар қазіргі уақытта департамент жұмыс тобының құрамында ауыр және қар тазалайтын техникаларға тексеру жүргізіп, жергілікті атқарушы органдардың жылу пункттерінің дайындығын тексеруде.

 

 

Абай облысының

 Төтенше жағдайлар департаменті