
Өрт сөндірушілердің жұмысы әр түрлі күрделі жағдайларда жүзеге асырылады. Оған қоса өртті сөндіріп қана қоймай, адамдарды да құтқару қажет сәттер орын алуы мүмкін. Бұған әдеттен тыс жоғары температура, түтін, жанатын заттардың уыттылығы кедергі келтіруі мүмкін. Сондықтан мамандардың кәсіби деңгейі тек теориялық қана емес, практикалық түрде де сыналады. Өрт сөндіруші кез-келген жағдайға дайын болуы тиіс.
Қызылорда қаласында орналасқан №5 өрт сөндіру бөлімінің базасында өрт сөндірушілердің психологиялық дайындығын арттыру масқатында от жолағынан өту жаттығуы өткізілді. Аталған іс-шарға аудандық өрт сөндіру бөлімінің басшылары мен офицерлік құрамы қатысты.
Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты - жеке құрамның техникалық сипаттағы төтенше жағдайларға байланысты кәсіби шеберлігін арттыру және жауынгерлік дайындықтарын пысықтау. Төтенше жағдай немесе өрт кезінде өрт сөндіруші қорқып немесе шатасса, онда оның физикалық дағдыларының пайдасы болмайды. Осы өткізілген жаттығу қызметкерлердің төтенше жағдайларға дайындық дәрежесін шыңдауға көмектеседі.
Сабақ барысында азаматтық қорғау қызметкерлері өрт жолағында өмірге қауіпті ортада шапшаң әрекет етуді үйренді.
Жаттығудың соңында Өрт сөндіру қызметінің бастығының орынбасары азаматтық қорғау подполковнигі Нұрбол Исанов қызметкерлердің тапсырмаларды орындау деңгейіне баға берді. Сонымен бірге алдағы уақытта да кәсіби тұрғыда жоспарға сәйкес ұйымдастырылатын жаттығулар қатарын көбейту қажет екенін айтты.
Қызылорда облысының ТЖД
«Өрт сөндіру және авариялық-
құтқару жұмыстары қызметі»