Екібастұз қаласы ТЖ басқармасының бастығы Дәулет Куконев «Жас құтқарушы» оқу орталығының оқушыларымен сабақ өткізді.
Азаматтық қорғау полковнигі Дәулет Сәрсембекұлы сабақты Павлодар облысы мен Екібастұз қаласында өрт сөндіру қызметінің қалыптасу тарихынан бастады. Балаларға өрт және ТЖ жағдайлары туралы бейнероликтер көрсетілді, одан кейін өрттің себептері мен сөндіру кезіндегі іс-қимылдар туралы диалог жүргізілді, сондай-ақ қызықтырған сұрақтарға жауаптар берілді.
Сабақ соңында білімді тексеру және өткен тақырыптарды игеру мақсатында ситуациялық тапсырмалар берілді, оған балалар бірігіп жауап дайындай бастады және өз жауаптарына түсініктеме берді. Сабақ қызықты және танымды өтті.
Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі