СҚО ТЖ департаментінің бастығы Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжіне барды

СҚО ТЖ департаментінің бастығы  Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжіне барды

Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полковник Ерік Сарыбаев пен департаменттің өрт сөндіру қызметінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Нұрлан Нүкішев жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан кәсіптік–педагогикалық колледжіне барды.

Сапар барысында колледждің материалдық–техникалық базасымен және азаматтық қорғау саласындағы болашақ мамандарды даярлаумен танысты.

«ТЖ-да қорғау» (оқыту 2003 жылдан бері жүргізіліп келеді) және «Өрт қауіпсіздігі» (оқу жоспарына 2016 жылдан бастап енгізілген) мамандықтарының студенттерімен кездесу ұйымдастырылды. Қазіргі уақытта осы мамандықтар бойынша оқитын студенттер саны 230-дан астам адамды құрайды. Кездесу барысында Ерік Темірханұлы осы мамандықтардың келешегін, олардың қажеттілігі мен сұранысын, азаматтық қорғау саласына үлкен мән берілгенін атап өтті. 

«Біз сіздерді департамент бөлімшелерінде көруге әрқашан қуаныштымыз.  Департаменттің өрт сөндіру қызметінде бүгінгі күні колледждің 57 түлегі – өрт сөндірушілер мен құтқарушылар жұмыс істейді, олар түрлі лауазымдарда абыроймен қызмет атқарады. Сонымен қатар, бізде колледжден кейін Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясын бітірген 8 азаматтық қорғау офицері қызмет етеді», -  деп СҚО ТЖД бастығы студенттердің назарын аударды.

 Кездесу соңында ол техникалық сипаттағы пәндерді тереңдетіп, оқу қажеттілігіне назар аударды, өйткені департаменттің қызметіне кіретін техника мен жабдықтар кәсіби білім мен дағдыларды қажет етеді.

 

 

Солтүстік Қазақстан облысы

Төтенше жағдайлар департаменті