Орман-дала өртін болдырмау мақсатында оқу-жаттығулар өткізілді

Орман-дала өртін болдырмау мақсатында оқу-жаттығулар өткізілді

Қай кезде де өрттен сақтану, оның алдын алу, оған  тосқауыл болу – аса маңызды.  Өрт қауіпсіздігін сақтау – адам өмірі мен қоғам мүлкін қасіреттен сақтау болып есептеледі. Сонымен бірге өрт қауіпсіздігі ережесі талаптарын орындау әрбір азаматтың парызы. Ал, орман-дала өртінен сақтану қоғам болып күресетін күрделі жұмыс.

2023 жылдың 3-қазанында Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Қармақшы ауданы төтенше жағдайлар бөлімі «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізінің бойындағы Қармақшы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесінің тұқымбағында өрт-тактикалық оқу-жаттығу ұйымдастырды. Аталмыш оқу-жаттығуға Аудандық орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі, №10 өрт сөндіру бөлімі, полиция бөлімі, жедел жәрдем, Иіркөл ауылдық округінің әкімшілігі, Ерікті өрт сөндіру жасағы қатысты.

Оқу-жаттығудың мақсаты - орман-дала өртінің алдын алу, мекеменің өрт сөндіруші қызметкерлеріне өртті сөндірудің тиімді әдіс-тәсілін үйрету, өрт кезінде атқаруы қажетті іс-қимылды пысықтау. Оқу-жаттығу барысында оған қатысқан күш-құралдардың әзірлігі, өзара бірлесе әрекет ету тәртібі тексеріліп, баға берілді. 

Оқу-жаттығудың өткізілуін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев арнайы барып көріп, өрт оқиғасы орын алған кезде оны жоюға жұмылдырылатын азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдардың әзірлігін тексерді. 

Оқу-жаттығудың құрамына Қазалы ауданының жедел ден қою жиынтық жасағынан 99 адам мен 15 арнайы техникасы жұмылдырылды. 

Қызылорда облысы ТЖД баспасөз қызметі