Профилактикалық жұмыс аясында Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Ы. Алтынсарин атындағы №1 орта мектептің 7-сынып оқушыларымен «Өзіңді сақта» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Бұл іс-шараның мақсаты - оқушыларды өрт қауіпсіздігі шараларына үйрету және жылыту пештері мен электр жабдықтарын дұрыс пайдалану бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ адамдар көп жиналатын ғимараттардағы өрт кезінде эвакуациялау ережелерін пысықтау. Сондай-ақ оқушылар үшін «Алғашқы медициналық көмекті қалай көрсету керек» атты бейнеролик және Астанадағы өрт кезінде ерлікпен қаза тапқан Асқар Забикулин туралы түсірілген «Қаһарман» сериялы көрсетілді.
Көптеген жағдайларда өрттер өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін білмегендіктен пайда болады. Сондықтан ТЖД қызметкерлері «Жас құтқарушылар» кадет сыныбының оқушыларына өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау туралы нұсқаулықтар таратып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі