2023 жылдың 4 қазанында Абай облысының ТЖ департаментінің бастығы Манарбек Шапағатов жұмыс сапарымен Бородулиха ауданына барды.
Бородулиха ауданындағы іссапарын Департамент бастығы Жаңа Шүлбі ауылдық округінің Жаңа Шүлбі ауылынан бастап, ондағы өрт сөндіру бекеті ғимаратының жөнделу жұмыстарының барысымен және алдағы қысқы кезеңге дайындығымен танысты, сондай-ақ, Бородулиха ауылындағы ӨСБ-12 өрт сөндіру бөлімінде болып, бөлімшенің материалдық-техникалық жабдықталуына, құтқарушылардың тиімді жұмыс атқаруына және демалысына жағдайдың жасалуына ерекше назар аударды.
Өрт сөндіру бөлімдерін аралау барысында Департамент бастығы кезекші қарауылдардың жеке құрамымен әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар және қызмет өткеру тәртібі мәселелері бойынша әңгімелесу өткізіп, ҚР мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының талаптарын жеткізді.
Айта кетерлік жайт, ағымдағы жылы аудан әкімдігінің жергілікті бюджетінен аудан аумағында орналасқан «Абай облысы ТЖД ӨСжАҚЖҚ» РММ 3 өрт сөндіру бөлімшесінің ғимараттарын жөндеуге қаржы бөлінген болатын.
Жұмыс сапары аясында Департамент бастығы Бородулиха ауданының әкімі Айдар Ибраевпен кездесу өткізді, онда азаматтық қорғау органдарының қызметін ұйымдастыру, олардың материалдық-техникалық жабдықталуын жақсарту, аудан ұйымдары мен мекемелерінің аудан аумағында қысқы кезеңдегі ТЖ-ның алдын алуға және жоюға дайындығының жай-күйі мәселелері талқыланды.
Сапар соңында ТЖ департаментінің бастығы құрылымдық бөлімшенің басшысына қызмет жағдайын жақсарту және қызметкерлердің қызметтік міндеттерін сапалы орындалуын қадағалау бойынша тапсырмалар берді. Әсіресе, қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстарына ерекше назар аударуды тапсырды.
Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі