Ақтөбе қаласында орман және дала өрттерін сөндіру бойынша тактикалық арнайы оқу-жаттығу өткізілді

Ақтөбе қаласында орман және дала өрттерін сөндіру бойынша тактикалық арнайы оқу-жаттығу өткізілді

Төтенше жағдайлардың алдын алу және қысқа мерзімде шешім қабылдау аясында азаматтық қорғаныс қызметтері басқару органдарының өзара іс-қимылын жетілдіру, олардың арнайы күштері мен құралдарының өрт қауіпі бар кезеңіне дайындығын тексеру мақсатында  табиғи өртті сөндіру бойынша арнайы тактикалық оқу-жаттығу жиыны өткізілді. Арнайы оқу-жаттығу жиынына Ақтөбе қаласы әкімдігі және ТЖД басшылығы қатысты.

Оқу жаттығуға өрт сөндіру бөлімшелерінің күштері мен құралдары, қалалық ерікті өртке қарсы құралымдары, орман шаруашылығы қызметкерлері, медицина қызметкерлері, әуежай күштік құрылымдары, жергілікті атқарушы органдар жұмылдырылды. Оқу-жаттығу кезінде қызметкерлер қатысушылармен әңгімелесіп, олардың төтенше жағдайларда әрекет ету алгоритмі туралы сөз қозғалды.

Сценарий бойынша қысқы мал азығын дайындап жүрген МТЗ-80 тракторының ұшқыны дала алқабының құрғақ өсімдіктерінің өртенуіне себеп болады. Өрт тез арада таралып, дала алқабының үлкен аумағын қамтыды.

Байланыс пунктінің диспетчері жедел кезекшіге хабарлап, арнайы күштері мен құралдарды тарту туралы ұсыныс енгізді. Кейін оқиға орнына күштер мен арнайы техника тартылып, олар ауқымды өртті сөндіруге кірісті.

Шартты орман өрті тез арада оқшауланып, оны сөндіруге 77-ге жуық қызметкер мен 20 техника жұмылдырылды. Құтқарушылар Думан елді мекенінен адамдарды эвакуациялау жұмыстарын жүргізді.

Тактикалық оқу-жаттығу жиынының нәтижелері бойынша лауазымды тұлғалар мен қатысушылардың өзара іс-қимылына талдау жүргізілді. Жалпы, жеке құрам қойылған міндеттерді іске асырды, сондай-ақ нақты жағдайларда тиісті тапсырмаларды орындауға дайын кекенін көрсетті.

Ақтөбе облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы