
Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов «Тәуелсіз Қазақстаның халық батырлары» республикалық қоғамдық бірлестігінің кеңес төрағасы, Халық Қаһарманы, генерал-лейтенант Бақытжан Ертайұлы Ертаевпен кездесті.
Кездесу барасында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында халық арасында қауіпсіздік мәдениетін насихаттау мәселелері талқыланды. Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою жоспарлануда.
Министрлік пен қоғамдық бірлестік бірігіп, жастарды азаматтық-патриоттық тұрғыда тәрбиелеу, өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштікті қалыптастыру бойынша жұмыстарды да жүргізетін болады.
Кездесу соңында Бақытжан Ертайұлы өзінің өмір жолы жайлы жазылған «Тағдыр» атты кітапты сыйға тартты.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі