2023 жылғы 2 қазанда ТЖ министрі Сырым Шәріпхановтың төрағалығымен ТЖМ квазимемлекеттік секторы субъектілерінің атқарылған жұмыс нәтижелері туралы кеңес өтті. Шараға ТЖМ мен квазимемлекеттік сектордың ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшылары қатысты.
Қатысушылар қызметтің жоспарланған және нақты қол жеткізілген негізгі көрсеткіштерін, оларға қол жеткізбеу себептерін, дивидендтерді, персоналдың сандық құрамын, еңбекақы қорын, ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын, сондай-ақ бар проблемалық мәселелерді талқылады.
Тыңдау қорытындысы бойынша Төтенше жағдайлар министрі
Сырым Шәріпханов квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметін жақсартуға бағытталған бірқатар тапсырмалар, ұйымдардың ағымдағы жылға арналған даму жоспарларын іске асыру бойынша ұсыныстар берді.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі