Қызылорда өңірінде өрт-құтқару спортынан сайыс ұйымдастырылды

Қызылорда өңірінде өрт-құтқару спортынан сайыс ұйымдастырылды

19-қазан - Құтқарушылар күні қарсаңында өңірде өрт-құтқару спорты басталды. Аталған спорттық іс-шара қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан батырларымызды еске алу мақсатында жыл сайын өткізіледіЖарысқа 15 команда қатысты 

Іс-шараның ашылу рәсімі кезінде Қызылорда облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің» бастығы азаматтық қорғау полковнигі Ә. Баекеев қатысушыларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар, гарнизон қызмет бабында қаза болған батырларды бір минуттік үнсіздік жариялаумен  еске алды.

Спорттық жарыстың алғашқы күнінде шабуыл сатысымен оқу-жаттығу мұнарасының 4қабатына көтерілу кезеңінде, жылжымалы сатымен оқу-жаттығу мұнарасының 3қабатына көтерілу кезеңінде өрт сөндірушілердің шапшаңдығы мен дене даярлығы сынға түсті. Алғашқы кезеңнің нәтижесінде Арал ауданының №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бірінші орынға ие болды.  Жүлделі екінші орынды №7 өрт сөндіру бөлімі алды, үшінші орын Байқоңыр қаласы  №8 өрт сөндіру бөліміне лайықты деп табылды. 

Жылжымалы сатымен оқу-жаттығу мұнарасының 3қабатына көтерілу кезеңінде №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бәсекелестерінен озыпбірінші орынды иеленді. Байқоңыр қаласының №8 өрт сөндіру бөлімінің командасы екінші орын алды. Үшінші орынға №7 өрт сөндіру бөлімінің командасы лайықты болды. 

Өрт сөндіру-құтқару спорты турнирінің ең тартысты, шешуші «Жауынгерлік қанат жаю»  кезеңінде  қатысушылардың кәсіби даярлығы мен нақты іс-қимылды жедел орындауы сарапталды. Сайыстың қорытындысы бойынша бірінші орынды №5 өрт сөндіру бөлімі, екінші орынды №6 өрт сөндіру бөлімі, үшінші орынды №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі иеленді. 

Екі күн  бойы команданың ұжымдық бірлігі мен кәсіби біліктілігі, ептілігі мен шапшаңдығы сынға түсіп, жалпы командалық есеп бойынша жүлделі бірінші орынды Қызылорда қаласының №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі, екінші орынды Арал ауданының №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі, үшінші орынды Қызылорда қаласының №7 өрт сөндіру бөлімі иеленді

Өрт сөндіру қызметі бастығының орынбасары  азаматтық қорғау подполковнигі Нұрбол Исанов жеңімпаздарға арнайы медальдар мен кубокті табыстады. 

 

Қызылорда облысы ТЖД 

«Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ