2023 жылғы27 қыркүйекте Петропавл қаласының № 3 өрт сөндіру бөлімі спорт қалашығының аумағында Солтүстік Қазақстан облысы ТЖ департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ Петропавл қаласы мектептерінің оқушылары арасында өрт-құтқару спорты бойынша алдағы мереке-Құтқарушылар күніне арналған қалалық чемпионаттың ашылуы және одан кейінгі кезеңдері өтті.
Ашылу салтанатында жарысқа қатысушылардың алдында Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы " полковник Ерік Сарыбаев сөз сөйледі. Сонымен қатар, СҚО азаматтық қорғау органдарының ардагерлер кеңесінің өкілі Ерік Әлімжанұлы Мәжитов қатысушыларды қолдап, құттықтау сөз сөйледі.
Жарыстарға құрамында Петропавл қаласының мектептерінен жиналған 138-ден астам қатысушыны қоса алғанда 23 команда, қатысты.
Қысқа жаттықтырудан кейін жарыстың бірінші кезеңі– командалардың өрт сөндіру бөлімінің оқу-жаттығу мұнарасының 2-қабатына шабуыл сатысымен көтерілу сайысы басталды. Кіші топта Әл-Фараби атындағы мектептің оқушысы Дамир Жаукин бірінші орынды, Яромир Фумановқа (№40 орта мектеп) екінші орынды, Владимир Шипило («Бест» гимназиясы) үшінші орынды иеленді. Кедергілері бар 60 метрлік жолақты еңсеру және өрт сөндірушінің жауынгерлік киімін кию кезеңінде № 6 орта мектептің оқушылары үздік атанды, № 31 орта мектептің оқушылары екінші, Мағжан Жұмабаев атындағы IT лицейінің оқушылары үшінші орынды иеленді.
Кедергілері бар 60 метрлік жолақты еңсеру кезінде орындар келесідей бөлінді:
Кіші топ: Продеус Дмитрий (№26 балабақша мектебі) бірінші орын, Фуманов Яромир (№40 ОМ) екінші орын, Вендель Александр (баст гимназиясы) үшінші орын иеленді.
Орта топ: Демесінов Марғұлан (№25 жалпы орта білім беретін мектеп) бірінші орын,
Тонков Александр (IT лицейі) екінші орын, Гордич Илья (27 орта мектебі) үшінші орын иеленді.
Жауынгерлік қанат жаю кезеңінде бірінші орынды № 31 ЖОМ балалары, екінші орынды № 6 орта мектептің балалары, үшінші орынды қалалық классикалық гимназия командасы жеңіп алды.
Салтанатты түрде тұғырға бірінші орын алған № 6 орта мектебі, № 31 орта мектебі екінші және № 12 орта мектебі үшінші орын алды. Жеңімпаздар медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
СҚО ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ