2023 жылдың 2 қазанында Алматы облысы әкімдігінде Алматы облысы әкімінің орынбасары Нұржан Кеңесұлы Құдайбергеновтің төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі облыстық комиссияның жоспардан тыс отырысы өтті. Комиссия отырысында «Алматы облысында тұрғындардың газ баллондары мен газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану шаралары туралы» мәселе қаралды.
Комиссия отырысына ҚР ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Мұса Тұрманұлы Танабаев қатысты. Өз сөзінде ол «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына, сондай-ақ «Газ және газбен жабдықтау туралы» ҚР Заңының 7-бабының 5-тармағына сәйкес жергілікті атқарушы органдар газ тұтыну жүйелерін қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратынын, елді мекен шекарасы шегінде коммуналдық-тұрмыстық тұтынушыларды газбен жабдықтау жүйелерінің тұрмыстық баллондары мен объектілері, сондай-ақ, тұрғын үй қатынастары туралы заңнамаға сәйкес әкімдіктердің құзыретіне газ және газбен жабдықтау саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру бойынша тұрғын үй инспекциясының жұмысын ұйымдастыру кіреді.
Жергілікті атқарушы органдардың жұмысына талдау жүргізілді, бұл қызметті жүзеге асыру бойынша міндеттер жүктелген тұрғын үй инспекцияларының кадр құрамы біліктілігі төмен екенін көрсетті.
Осы жағдайларды шешу және дайындық деңгейін арттыру үшін Төтенше жағдайлар министрлігінің бастамасымен Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының базасында жергілікті атқарушы органдардың мамандары үшін біліктілікті арттыру курстары енгізілді.
Алматы облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Асхат Бердіханов өз сөзінде ол жылыту маусымына дайындық аясында тұрақты түрде газ тарату және газ желісі ұйымдарының өкілдерімен кездесулер ұйымдастыру және өткізу арқылы жылыту маусымына дайындалу бойынша іс-шара өткізу қажеттігі турал халықты ақпараттандыру мәселелері жөнінде түсіндіру-профилактикалық жұмыстар жүргізілетінін айтты.
Сонымен қатар, ресми басқару ресурстарында ақпаратты орналастыру, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары, баспа басылымдары және басқа да интернет-ресурстарды пайдалану арқылы халықты ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуде. Дәл осы мақсатта департамент облыстық төтенше жағдайлар департаментімен бірлесе отырып, «112 жүйесі» арқылы жылу жабдықтарын анықтау қажеттілігі туралы СМС-хабарламаларды тұрақты түрде беріп отырады.
Отырыс барысында Алматы облысы ТЖД бастығы полковник Асқар Тойчубеков «Тұрмыста газды пайдаланумен байланысты төтенше жағдайлар туралы» тақырыбында баяндама жасады. «Өрттермен қатар тұрмыста газды пайдаланумен байланысты жазатайым оқиғалар (газ-ауа қоспасының жарылуы, газ баллондарының жарылуы) ерекше дабыл қағуда.Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде 9 газ-ауа қоспасының тарсылы орын алды, онда 24 адам, оның ішінде 7 кәмелетке толмаған бала зардап шекті, 3 адам, оның ішінде 1 бала қаза тапты» - деп Асқар Тойчубеков көңіл көншітпейтін статистика келтірді.
Отырыс барысында газ шаруашылығы, автономды жылыту жүйелері, газ анализаторларын сатып алу, коммуналдық-тұрмыстық және тұрмыстық тұтынушылардың газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсетуге шарт жасаспай тұрмыстық газ баллондарын сатуға жол бермеу, автогаз құю станцияларында тұрмыстық газ баллондарын толтыруға жол бермеу туралы жергілікті халықты ақпараттандыру мәселелері талқыланды.
Қаралып отырған мәселелер бойынша қалалар мен аудандардың әкімдері, облыстық басқармалар мен ұйымдардың басшылары тыңдалды.
Отырыс қорытындысы бойынша комиссия шешімдер қабылдады және орындау мерзімдерін белгілей отырып, мүдделі облыстық қызметтерге, аудандар мен қалалардың әкімдеріне нақты тапсырмалар берді.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі