Қызылорда облысында жылыту маусымына дайындық мәселелері бойынша брифинг өткізілді

Қызылорда облысында жылыту маусымына дайындық мәселелері бойынша брифинг өткізілді

2023 жылғы 2 қазанда Өңірлік коммуникациялар қызметінде "2023-2024 жылдардағы жылыту маусымына дайындық және табиғи газды қауіпсіз пайдалану жөніндегі іс-шаралар туралы"тақырыбында брифинг өткізілді.

Спикерлер: Қызылорда облысының  Төтенше жағдайлар департаментінің Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Асхат Оразбеков; "ҚазТрансГазАймақ" АҚ Қызылорда өндірістік филиалы қызметкерлері.

Өткен 2022 – 2023 жылдардағы жылу беру маусымында тұрғын үй секторларында 150 өрт оқиғасы орын алды.Өрт оқиғасы салдарынан 7 адам қаза болды 4 адам зардап шекті Көмірқышқыл газынан улану салдарынан 1 адам жарақат алды. Табиғи газбен улану салдарынан 2 адам жарақат алды.

Орын алған жағдайлар, көптеген жағдайларда тұрғындардың өрт қауіпсіздігі ережесін орындамаудан, тұрмыстық пештердің техникалық жағдайына мән бермеуден, балаларды қараусыз қалдырудан орын алуда.

Жылу беру маусымына дайындық қарсаңында 4 766 тұрғын үй секторы араланды. Көпқабатты тұрғын үй аулаларында 115 рет кездесу ұйымдастырылды. Электр және газ баллон жабдықтарын, пешті және газ пештерін орнату, қолдану барысында өрт қауіпсіздігі талаптары түсіндірілді.

Профилактикалық іс-шараларға жергілікті атқарушы органдардан 47 қызметкер тартылып, олармен бірлесіп 1 729 тұрғын үй араланды. Оған сонымен бірге жастар орталығынан, мемлекеттік емес ұйымдардан 64 ерікті қатысты.

Өрт қауіпсіздігін сақтау тақырыбында баспасөзде 64 мақала жарияланды, телеарнада 10 сұхбат ұйымдастырылды. Білім беру ұйымдарында  124 мекеменің 6628 қызметкері мен оқушыларын қатыстырып, 30 рет интерактивтік және ашық сабақ өткізілді.

Сонымен қатар облыстық, қалалық,  аудандық әкімдіктерде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия отырыстары өткізіліп, онда өрт қауіпсіздігі тақырыбы қамтылды”.

Брифингтің соңында спикерлер журналистердің сұрақтарына да жауап берді. 

 

Қызылорда облысы ТЖД