Ұлытаулық құтқарушылар өрт-тактикалық оқу-жаттығуын өткізді

Ұлытаулық құтқарушылар өрт-тактикалық оқу-жаттығуын  өткізді

Ұлытау облысының Төтенше жағдайлар департаменті Ұлытау аудандық «Ұлытау» мемлекеттік ұлттық паркі» мекемесімен бірлесіп орман алқаптарында табиғи өртті сөндіруді пысықтау бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығуын өткізді.

Өрт сөндірушілер Ұлытау ауданыдағы ұлттық парк аумағында демалушылардан шыққан өрт  нәтижесінде отқа оранған шөп пен орман қорына көшкен шартты өртті сөндірді.

Оқу-жаттығудың мақсаты орман мекемелерінің аумақтарында өрт-тактикасын үйрете отырып, орман өрттері сөндіру және азаматтық қорғау қызметтерінің күштері мен құралдарын, уәкілетті органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимылын тексеру.

Барлығы 73 адам, 18 бірлік техника жұмылдырылды.

 

 

Ұлытау облысы ТЖД баспасөз қызметі