
Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Мәдиұлы Сыздықов Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келді.
Вице-министр Шымкент қаласының ТЖД құрылымдық бөлімшелеріне барып, онда басшылық және жеке құраммен кездесіп, олардың күнделікті қызметімен танысты. Өрт сөндірушілермен және құтқарушылармен әңгімелесу барысында Бауыржан Сыздықов Министрлікке жүктелген бірқатар қосымша өкілеттіктер мен міндеттер туралы айтып берді. Бұл ретте ТЖ алдын алу мәселелері мемлекеттік саясаттың негізіне айналады.
Сонымен қатар жұмыс сапары аясында Бауыржан Мәдиұлы қала әкімі Г. Сыздықбековпен кездесіп, Департаменттің басым бағыттары мен міндеттерін талқыланды. Аталмыш мәселелер азаматтық қорғау органдарының қызметін ұйымдастыруға, олардың материалдық-техникалық жарақтандырылуын жақсартуға, ұйымдар мен мекемелердің қала аумағындағы төтенше жағдайлардың алдын алуға және жоюға дайындығының жай-күйі туралы болды.
Шымкент қ.ТЖД қоғаммен байланыс тобы