2023 жылдың 2 қазан күні 03 сағат 17 минутта Атырау қаласы Әбілхайыр хан данғылы бойында орналасқан автосалондардың бірінде түтін шыққаны туралы шакырту түсті.
Шақырту орнына өрт сөндіру бөлімшесі жеткен кезде жалпы ауданы 1600 шаршы метр болатын ғимараттың төбе жабындысының ашық отпен жануын анықтады. Оның салдарынан төбе жабындысының 150 шаршы метр бөлігі өртенген. Сонымен қатар өрт кезінде автосалон ішінде тұрған жаңа 10 автокөлік және қызметтік орг техникалар ғимараттан шығарылды.
Күшейтілген режимде күштер мен құралдар жұмылдырылып, нәтижесінде 04 сағат 59 минута өрт сөндірді.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себептері анықталуда
Өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД мен мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерден барлығы 42 адам мен 11 бірлік техника жұмылдырылды.
Құрметті облыс тұрғындары мен қонақтары өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтаңыздар!
Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы