Қазақстан ТЖМ-де жеке жоба бойынша дайындалған жаңа командалық-штабтық машина таныстырылды

Қазақстан ТЖМ-де жеке жоба бойынша дайындалған жаңа командалық-штабтық машина таныстырылды

ТЖМ-де жеке жоба бойынша дайындалған азаматтық қорғау органдарының жаңа командалық-штабтық машинасы таныстырылды. Машина дала жағдайында жедел штабтың жұмысын қамтамасыз етуге арналған. КШМ өрістету орындарында интернетті қоса алғанда, байланыстың барлық заманауи түрлерімен жедел штабты қамтамасыз етеді, бұл ТЖ жоюға тартылған азаматтық қорғау органдары мен қызметтерінің бөлімшелерін басқаруға мүмкіндік береді.

Командалық-штабтық машинаның бұл моделі Министрліктің аумақтық бөлімшелерін одан әрі жарақтандыру кезінде негізгі болады.

Автокөлік Камаз шассиі негізінде жасалған. Автокөліктің штаб бөлімі 10 адамнан тұратын жедел топтың жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. КШМ компьютерлік және перифериялық техниканың толық жиынтығымен жабдықталған. 3 адамнан тұратын командалық-штабтық машина экипажының автономды тұруы үшін тұрмыстық жағдайлар жасалған. Автокөлік көптеген тіршілік, бақылау және барлау жүйелерімен жабдықталған.

Осы командалық-штабтық машинаның жобасының авторы және әзірлеушісі ТЖМ Республикалық байланыс торабының бастығы подполковник Руслан Атынтаев. Жеке жоба бойынша командалық-штабтық машинаны жасау үшін 2 жыл қажет болды.

Алғашқы көлік Түркістан облысы ТЖД үшін сатып алынды.