Биылғы жылдың басынан бастап Батыс Қазақстан облысы аумағында 419 өрт тіркелді, оның ішінде 94 жағдай автокөлікте, 2022 жылмен салыстырғанда - 78 жағдай 20,5 % - ға өсу байқалады.
Көліктегі өрт күтпеген жерден пайда болып, ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. Көлік құралын міндетті техникалық тексеру процесінде автокөліктің жағдайы бақыланады, бірақ электр жабдықтары мен отын жүйесін тексеру жүргізілмейді. Дегенмен, электр сымдары, электр агрегаттарының қысқа тұйықталуы, қозғалтқыштың құбырларын шаммен қыздыру кезінде отпен абайсызда жұмыс істеу, темекі шегу, жанармай құбырының үзілуі немесе істен шығуы, қозғалтқыш бөлігін киізбен жабу, автокөліктегі өрттің негізгі себептері болып табылады.
Өрттің ауыр зардаптарын болдырмау үшін әр көлікте көлемі кемінде 2 литр болатын жарамды өрт сөндіргіш болуы тиіс. Бұл жағдайда өрт сөндіргіштің құрылғысы және оны қолдана білу керек. Автокөлікті жарамды күйде ұстау, аккумуляторларды көлікте тұрған күйде қайта зарядтауға жол бермеу.
Егер сіздің көлігіңіз жүргізу кезінде өртеніп кетсе немесе өрт кезінде автокөлікте мына ережелерді сақтаңыздар:
- көлікті тоқтатыңыздар;
- қозғалтқышты өшіріңіздер;
- қозғалтқыш бөлігі капотының құлпын ашыңыздар, алғашқы өрт сөндіру құралдары қолыңызда болмаса капотты ашпаңыздар;
- барлық жолаушыларды шығарыңыздар;
- өртке қарсы қызметке «101» телефон нөмірі бойынша немесе «112» құтқару қызметіне қоңырау шалыңыздар;
- егер қауіпті болмаса, көліктегі өрт сөндіргішті қолдануға тырысыңыздар.
Өрт сөндіру кезінде қозғалтқыш бөлікте суды қолданбаңыз, өйткені қысқа тұйықталуы жанып жатқан бензиннің, алаң аумағын ұлғайтуы мүмкін.
Құрметті автокөлік иелері, есіңізде болсын, өртті сөндіруден гөрі ескерту оңай!
БҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы