9 қабатты тұрғын үйде өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді

9 қабатты тұрғын үйде өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді

Көп қабатты тұрғын үйлерде тұрғындарды іс-жүзінде эвакуациялауды пысықтау мен тұрғындарды өрт кезінде әрекет ете білуге үйрету мақсатында 2023 жылғы 28 қыркүйекте Қызылорда қаласында 9 қабатты тұрғын үйде өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді. 

 Оқу-жаттығу барысында тұрғындарды эвакуациялау мен өрт кезіндегі алғашқы іс-қимылдар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Өртке қарсы қызметінен 9 техникасымен 39 қызметкер жұмылдырылды. Сонымен бірге жергілікті полиция, жедел жәрдем бригадасы, Қалалық ТЖБ, қалалық авариялық қызметтер қатыстырылды.    

Газ-түтіннен қорғау буыны пәтерлерден 20 адамды қауіпсіз жерге шығарды. 3 тұрғынды жоғарғы қабаттан автосаты арқылы құтқарды. Оқу-жаттығудың ең қызықты сәті – өрт сөндіру-құтқару техникалары мен құралдарының көрмесі. 

Аталмыш мекен-жайға жақын орналасқан  №5 мектеп-лицейінің оқушыларына   өрт сөндіруші-құтқарушылар  төтенше жағдай кезінде «112» немесе «101» нөміріне қоңырау шалу тәртібін, өзін-өзі құтқару тәсілдерін үйретті. Коди мен Спартак атты  ақылды құтқарушы иттердің берілген командаларға сай әрекет етуі  оқушыларға  қуаныш сыйлады. 

Оқу-жаттығуды қорытындылай келе, Қызылорда облысы ТЖД  Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Ә. Баекеев  өрт-тактикалық оқу-жаттығуға оң бағасын берді.  Тұрғындарға тұрмыста және қоғамда өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауды, балаларды қараусыз қалдырмауды ескертті.  

 

Қызылорда облысы ТЖД