
2023 жылғы 27 қыркүйекте Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановтың төрағалығымен өңірлік департаменттер бастығының кадрлық және тәрбие жұмысы бойынша орынбасары лауазымына кандидаттармен кезекті әңгімелесу өткізілді.
Айта кету керек, сұхбат жаңа форматта өткізілді. Егер бұрын ол көп сатылы процестің классикалық форматын білдірсе, қазір министр әрқайсысымен жеке сұхбат жүргізеді.
Әңгімелесудің бұл форматы басшылыққа үміткердің ұсынылған лауазымға сәйкестігін анықтауға мүмкіндік береді. Кандидаттарды кәсіби қасиеттерін анықтауға ерекше назар аударылды.
Әңгімелесуге аумақтық бөлімшелердің 6 қызметкері және 1 әскери қызметкер қатысты (Ақмола, Атырау, Жамбыл, Жетісу, Батыс Қазақстан, Ұлытау, Қызылорда облыстары).
Барлық үміткерлер Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге тестілеуден және психологиялық тестілеуден өтті.
ҚР ТЖМ Кадр және тәрбие жұмысы департаменті