
Білім күніне орай профилактикалық іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында Жамбыл облысы ТЖД Тараз қаласының Төтенше жағдайлар басқармасымен Тараз қаласы №23 орта мектебінде сейсмикалық оқу-жаттығу өткізілді.
Оқу-жаттығуға Тараз қаласының №4 Өрт сөндіру бөлімінің от жауынгерлері мен Апаттар медицинасы орталығы филиалының қызметкерлері қатысты. Жалпы 3 бірлік техника және 10 адам жеке құрам жұмылдырылды.
Іс-шараның басты мақсаты - оқушылар мен мұғалімдердің түрлі сипаттағы ТЖ кезіндегі алғашқы іс-қимылдар бойынша білімдерін арттыру.
Оқу-жаттығу барысында ТЖ кезінде алғашқы эвакуациялау жұмыстары бойынша мектеп персоналдарының іс-қимылдары пысықталды. Ал өрт сөндіру қызметі мен Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері өртті сөндіру және зардап шеккендерді құтқару бойынша іс-қимылдарды пысықтады.
Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша Тараз қаласы ТЖ басқармасының офицері, азаматтық қорғау капитаны Келіс Данияр оқушыларға түрлі төтенше жағдайлар кезіндегі тәртіп ережелері туралы айтып, сондай-ақ өрт сөндірушілермен бірге ұнтақты өрт сөндіргішті пайдалану тәртібін көрсетті. Одан әрі оқушылар өрт сөндіру техникасымен және өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың жабдықтарымен танысты.
Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі