Қауіпсіздік қағидалары туралы QR-коды бар танымдық плакаттар

Қауіпсіздік қағидалары туралы QR-коды бар танымдық плакаттар

Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментімен төтенше жағдай кезіндегі қауіпсіздік талаптарын насихаттайтын QR-коды бар 4D форматындағы плакаттар әзірленді.

Мақсаты – жазатайым оқиғалардың алдын алу, тұрғындарға төтенше жағдайлар кезінде дұрыс іс-қимыл ережелерін үйрету.

Плакаттар ересектер арасында да, өскелең ұрпақ арасында да қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға арналған. Сондай-ақ, заманауи технологиямен толықтырылған реалдылықпен (Augmented Reality) және аудиодыбыспен жабдықталған.

«Өрт қауіпсіздігі» және «Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік» тақырыптарындағы арнайы әзірленген плакаттардың QR коды арқылы сілтемеге өтіп, «Азбука безопасности» қосымшасы арқылы қауіпсіздік талаптары туралы толық ақпаратты тыңдай аласыз.

Атырау облысы ТЖД

Қоғаммен байланыс тобы