ТЖМ-де ТЖД бастықтарының кадр және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларының жаңадан енгізілген лауазымдарына кандидаттармен семинар-кеңес өткізілді

ТЖМ-де ТЖД бастықтарының кадр және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларының жаңадан енгізілген лауазымдарына кандидаттармен семинар-кеңес өткізілді

Төтенше жағдайлар министрлігінде ТЖД бастықтарының кадр және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларының жаңадан енгізілген лауазымдарына кандидаттармен қызметтік, әскери тәртіпті, мемлекеттік қызметшілердің әдебін сақтау, мемлекеттік қызмет қағидаттары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.

Іс-шараға ІІМ Кадр саясаты департаментінің ғылыми қызметкері, Ішкі істер органдарының құрметті қызметкері, педагогика ғылымдарының магистрі Болат Қойшыбекұлы Қаженов және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алдын алу қызметінің аса маңызды істер жөніндегі офицері Жазира Жақсылыққызы Жылқышиева, сондай-ақ ҚР ТЖМ Кадр және тәрбие жұмысы департаментінің басшы құрамы қатысты.

Кеңес барысында қызметкерлер тарапынан Әдеп кодексіне және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңға қайшы келетін әрекеттердің жолын кесудің маңыздылығы туралы айтылды. Атап айтқанда, мемлекеттік қызметтің атқарылуы қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіретінінде көрінеді. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтардың, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтардың алдын алуға бағытталған шараларды әзірлеу, сондай-ақ қызметтік әдепті сақтауда мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілік деңгейін арттыруды қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау негізгі міндеттер болып табылады.

Кездесу соңында семинар-кеңеске қатысушылар шешуді талап ететін дәріскерлерге маңызды проблемалық мәселелер бойынша сұрақтар қойып, кадрлық және тәрбие жұмысын жетілдіру мәселелерін ашық талқылауға белсенді қатысты.

ҚР ТЖМ Кадр және тәрбие жұмысы департаменті