27 қаркүйекте дала өрттерін жоюға қатысатын күштер мен құрылымдардың дайындығын тексеру мақсатында «Алау-2023» өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өткізілді.
Жаттығудың жоспарына сәйкес, өрт « Кім Асар» шатқалының шығыс беткейінде шықты. «Қазақ ормандарды авиациялық қорғау және орман шаруашылығына қызмет көрсету базасының» РМҚК бақылаушы ұшқышы өртті анықтағаннан кейін дереу Іле- Алатау МҰТП радиодиспетчерлік қызметке хабарлайды. Олар, өз кезегінде Іле-Алатау МҰТП Медеу филиалының мобильді тобын жедел түрде жұмылдырады.
Өрт туралы хабарламаны алғаннан кейін, іс-қимыл жоспарына сәйкес Төтенше жағдайлар департаменті, орман шаруашылығы өкілдеріне көмек көрсету мақсатында, шақырту орнына барлық қажетті қалалық қызметтер мен авиация жіберілді.
Желдің екпіні салдарынан өрт аумағы ұлғайып, демалушы туристерге, сондай-ақ өрттің Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің орман алқабына таралуына және демалушы туристердің өміріне қауіп төнеді.
Орман шаруашылығы өкілдеріне көмекке өрт-құтқару бөлімшелері, сондай-ақ ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ (МИ-8), қала әкімдігінің 109 қызметі су төгу құрылғылармен жабдықталған тікұшақтары келеді. Шартты өрт ошағына тікелей бірнеше мақсатты су төгу жұмыстары жүргізіледі.
Атап өту қажет, ҚР «Орман кодексінің» 69 - бабына сәйкес өртті сөндіруге тартылатын күштер мен құралдарға қарамастан мемлекеттік орман күзетінің лауазымды адамы жалпы басшылықты атқарады, осы оқу-жаттығуда басқарушы – ол, Іле-Алатау МҰТП директоры.
«Оқу-жаттығу шеңберінде екі тасымалданатын мотопомпаларды пайдалана отырып, «каскадты әдіспен» үздіксіз су беруді пысықтау, сондай-ақ аспалы өрт сөндіргіштертерді сумен толтыратын құрылғыны авиаборттармен жеткізу элементін пысықтау жоспарлануда.
Аталған оқу-жаттығулардың мақсаты қаланың азаматтық қорғау қызметтерінің күштері мен құралдарына жедел ден қоюды пысықтау, сондай-ақ таулы-орман алқаптарындағы өртті жою, зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету, төтенше жағдай аймағынан зардап шеккендерді эвакуациялау болып табылады», - деп атап өтті Алматы қаласы ТЖД бастығының орынбасары Асан Айтеев.
Оқу-жаттығуға барлығы 157 адам, 29 бірлік мамандандырылған техника, 2 квадрокоптер және 2 әуе кемесі, 10 жылқы, бір кинологиялық тобы жұмылдырылды. Бірлескен оқу-жаттығулардың басталуына дейін қойылған мақсаттар мен міндеттер орындалды.
Алматы қ.ТЖД баспасөз қызметі