Жылыту кезеңіндегі қауіпсіздік

Жылыту кезеңіндегі қауіпсіздік

2023 жылғы 27 қыркүйекте Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Жылыту кезеңіндегі қауіпсіздік туралы» тақырыбында брифинг өтті. Спикер болып Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Марғұлан Аманбаев сөз сөйледі.

Жыл сайын елімізде 10 мыңнан астам өрт орын алады, оның салдарынан үш жүзден астам адам қаза табады. Бұл ретте өрттер мен қаза тапқандардың негізгі бөлігі тұрғын үй секторында тіркелген. Осы кезеңмен салыстырғанда өрт пен адам өлімінің өсуі байқалады. Жыл басынан бері елімізде 7 560 өрт тіркеліп, 800 адам құтқарылды, 229 адам қаза тапты.

«Министрлік қызметкерлері тұрақты негізде елді мекендерде аулаларды аралайды. Ел бойынша 172 мыңнан астам рейд өткізілді. Рейдтер барысында халықтың әлеуметтік осал топтарының 25 мыңнан астам үйі өрт қауіпсіздігін сақтамай пайдаланатыны анықталды, бұл туралы әкімдіктер хабардар етіледі», - деп атап өтті спикер .

Сонымен қатар, төрағаның орынбасары өз сөзінде өрттен қорғауға мүмкіндік беретін газдануды бақылау және алдын ала хабарлау датчиктерін сатып алу маңыздылығын атап өтіп,  қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтау, өртті қалай алдын алуға болатыны туралы ұсыныстармен бөлісті.

 

 

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі