Баллондардың ескерілген паркінің жаңарту бойынша мәселері

Баллондардың ескерілген паркінің жаңарту бойынша мәселері

2023 жылғы 26 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінде Қазақстан Республикасының аумағында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі 2022-2024 жылдарға арналған жол картасының тармағын орындау бөлігінде «Тұрмыстық баллондардың жарылыстары мен адамдардың қаза болуын азайту мақсатында нормативтік қызмет ету мерзімін өтеген және одан әрі пайдалануға жарамсыз деп танылған тұрмыстық баллондарды алу және кәдеге жарату тетігін әзірлеу туралы» күн тәртібімен кеңес өтті.

Кеңеске Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, Энергетика министрлігінің, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің өкілдері, сондай-ақ бизнес өкілдер қатысты.

Кеңес барысында отандық өндірушілермен тұрмыстық газ баллондар өндіруді қалпына келтіру, ескі баллондардың орасан зор санын пайдаланудан шығаруды және оларды айналымнан алу шешу жолдары, газ баллондарының ескірген паркін жаңарту бөлігінде газ толтыру станцияларын субсидиялау мәселелері қаралды.

Бұдан басқа, республика өңірлеріне жеткізілетін сұйытылған мұнай газының сапасына қатысты бірқатар мәселелер, жеке тұлғалардың меншігінен газ желісі ұйымдарының меншігіне баллондарды кезең-кезеңімен алу мәселесі қозғалды.

Отырыстың қорытындысы хаттама болды, онда тұрмыстық баллондардың ескірген паркін жаңарту бойынша одан әрі қадамдарды әзірлеу жөніндегі қажетті шаралар көрсетілген.

ҚР ТЖМ Өнеркәсіп қауіпсіздік комитеті