
2023 жылдың қыркүйекте күндері Өзбекстан Республикасының Хиуа қаласында Гір тасын көтеруден Әлем чемпионаты мен біріншілігі өтті.
Әлемнің 25 мемлекетінен жиналған 650-ден астам спортшылар бақ сынаған біріншілікте Қазақстан құрамасының сапында Ұлытау ауданының өкілі де қатысты.
Ұлытау ауданының №5 Өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы, азаматтық қорғау лейтенанты Нұрболат Ануарбекұлы Сандыбаев жүлделі ІІ орынды қанжығалап, жоғарғы көрсеткіш көрсетіп, жетістікке қол жеткізді.
Ұлытау облысы ТЖД баспасөз қызметі