
Алматы облысы Іле ауданының «Элит» көпқабатты тұрғын үй кешенінде шартты өртті жою бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығулары өткізілді.
Өрт-тактикалық жаттығулар - бұл өрт сөндіру қызметі гарнизондарының өртті сөндіруге дайындығын жетілдіруге және жоғары деңгейде ұстап тұруға мүмкіндік беретін басшы құрамның тактикалық дайындығының жоғары нысаны.
Оқу-жаттығуға өрт және төтенше жағдайлар салдарын жоюға қатысатын өрт-құтқару бөлімшелері, облыстың жедел қызметтері мен тіршілікті қамтамасыз ету қызметтері тартылды.
Оқу-жаттығуларда жеке құрамды оқытудың негізгі әдісі әртүрлі жағдайларда күштері мен құралдарды басқаруды ұйымдастыруды практикалық пысықтау болып табылады.
Оқу-жаттығу сценарийі бойынша сағат 11:00-де Алматы облысы ТЖД «Элит» тұрғын үй кешенінің көпқабатты тұрғын үйінің 7-қабатындағы пәтердің жануы, пәтер бойынша оттың таралуы және жоғарғы және төменгі қабаттарда қатты түтіндеу туралы ақпарат келіп түсті. Өтеген Батыр ауылының №8 өрт сөндіру бөліміне шақыртудың түсуі бойынша шығу кестесіне сәйкес шақыртудың жоғары дәрежесі бойынша оқиға орнына шығуға команда берілді.
Өрт сөндіру қызметінің өрт сөндірушілері биік үйдегі өрттерді сөндіру тактикасын пысықтады, сондай-ақ адамдарды эвакуациялау жүргізілді және арнайы техниканы пайдалана отырып 7 адам құтқарылды.
Өрт-тактикалық оқу-жаттығуды өткізуге жеке құрамның 56 адамы және Алматы облысы ТЖД 17 техникасы жұмылдырылды.
Сондай-ақ, тұрғындармен өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау, ТЖ кезіндегі іс-әрекеттер, балалардың терезеден құлау себептері туралы үгіт-профилактикалық әңгімелер өткізілді. Сондай-ақ, халыққа әлеуметтік сауалнама жүргізіліп, жадынамалар таратылды. Оқу-жаттығу аяқталғаннан кейін жүргізілген жұмыстарға талдау жүргізілді.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі