
Жетісу облысының аумағында халықтың әлеуметтік осал топтарының 9 мыңнан астам тұрғын үйі бар. Қазіргі уақытта Жетісу облысы ТЖД Жылыту кезеңінде болуы мүмкін өрттердің алдын алу мақсатында жылыту кезеңінен өту шеңберінде профилактикалық жұмыстың 2-ші кезеңі басталды.
Департаменттің бастамасы бойынша өрт қауіпсіздігі айлығының екінші кезеңін өткізу кезінде халықтың әлеуметтік осал топтарының тұрғын үйлеріне әлеуметтік қорғау, әкімдіктер, тұрғын үй инспекциясы, ЖПҚ және т. б. өкілдерімен бірлесіп барады. Осы санаттағы адамдарға ерекше назар аудару заңды, өйткені дәл осы санаттағы адамдар әрқашан өз үйлерін өртке қарсы күйге келтіруге мүмкіндігі бола бермейді.
Сондай-ақ, қалалық және аудандық әкімдіктердің қолдауымен халықтың әлеуметтік осал топтарының үйлерінде өрт хабарлағыштарын, улы газ датчиктерін және газ талдағыштарын орнату жұмыстары жалғасуда. Адамдарды «пассивті» қорғау жүйелерін енгізу өртті ерте анықтауға, адамдарды хабардар етуге және тиісінше қауіпті аймақтан уақтылы шығуға ықпал етеді.
Рейд барысында негізгі назар пештер мен түтін мұржаларының, электр жылытқыштардың құрылысына аударылады. Пештер мен түтін мұржаларын орнату кезінде бұзушылықтар анықталған жағдайда иелеріне оларды жою бойынша ұсынымдар беріледі, өртке қарсы тақырыптағы жадынамалар табыс етіледі. Өйткені, пештерді орнату кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын орындау тек жылы мезгілде мүмкін болады.
Айлықтың бірінші кезеңінде аулаларды аралау арқылы халықтың әлеуметтік осал топтарының 100%-ы қамтылды, бүгінгі таңда 131 көміртегі тотығы мен түтін газының датчигі орнатылды. Датчиктерді орнату кезінде Департамент қызметкерлері төтенше жағдай туындаған жағдайда оқыту және іс-қимыл бойынша халық арасында жиындар түрінде профилактикалық жұмыстар жүргізеді.
Жетісу облысының ТЖД өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін еске салады-есіңізде болсын, сіздің өміріңіз, жақындарыңыздың өмірі және мүліктің сақталуы осыған байланысты.
Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі