Елордалық өрт сөндірушілер «Семь бочек» ТК өрт тактикалық жаттығу өткізді

Елордалық өрт сөндірушілер «Семь бочек» ТК өрт тактикалық жаттығу өткізді

Астана қаласының ТЖ департаменті Сығанақ көшесі бойынша  «Семь бочек» тұрғын үй кешенінің аумағында адамдарды құтқару және эвакуациялаумен бірге, биік қабатты үйлерде өрт сөндіру тактикасын пысықтау үшін өрт-тактикалық оқу-жаттығуларын өткізді.

Оқу-жаттығудың жоспары бойынша тұрғын үй кешенінің жертөлесінде электр қалқаны өртеніп, 1-ден 10-ға дейінгі қабаттарындағы кабель шахтасында электр кабельдерін оқшаулау кезінде от тарады, осылайша тұрғын үй кешенінің кіреберісінде қатты қалың түтін пайда болды. 5-қабаттағы тұрғын өртті көріп, телефон арқылы «101» желісіне хабарлады.

Хабарлама келіп түскеннен кейін шақыру орнына жоғары шақыру нөмірі бойынша өрт сөндіру-құтқару бөлімшелері жедел жіберілді. Оқиға орнына келгеннен кейін өрт сөндірушілер тұрғындарды шартты түрде эвакуациялауға және өрт ошағын жоюға кірісті. Өрт сөндіру штабы және өртті жою бойынша 6 жауынгерлік учаске құрылады. Өрт сөндірушілер барлық қабаттарды зардап шеккендерге тексеріп, өрттің ауқымын бағалады. Сонымен қатар, адамдарды жоғарғы қабаттардан құтқару үшін жедел-құтқару жасағының құтқарушылары 16 қабатқа көтеріліп, адамдарды құтқарады. Сондай-ақ, ГТҚҚ буындарының күшімен автосаты арқылы тағы 15 адам, оның ішінде 3 бала құтқарылды.

Эвакуацияланған және құтқарылған тұрғындар қабылдау және жылыту пунктінде, Апаттар медицинасы орталығы зардап шеккендерге көмек көрсетеді. Өрт сөндіру-құтқару бөлімшелерінің үйлесімді және жедел жұмысының бір сағаттан аз уақытында өрт жойылды.

Бүгінгі оқу-жаттығуларға елордалық ТЖД жеке құрамының 41 адамы және 10 бірлік техникасы жұмылдырылды.

        Сонымен қатар, елорда тұрғындарына пәтердегі өрт кезіндегі іс-қимылдарды сақтауды ұсынамыз:

  1. Өрт туралы өрт сөндіру қызметіне «101», «112» телефондары арқылы хабарлаңыз
  2. Егер электр тоғының соғу қаупі болмаса, өртті сумен сөндіріңіз немесе тығыз (дымқыл шүберек) қолданыңыз.
  3. Электр тоғының соғу қаупі бар болса, электр қуатын өшіріңіз.
  4. Жанғыш сұйықтықтарды сумен сөндіруге болмайды (құммен, топырақпен, өрт сөндіргішпен сөндіріңіз, егер олар болмаса, суға малынған тығыз шүберекпен жабыңыз).
  5. Өрт кезінде ешқандай жағдайда терезелерді ашпаңыз.
  6. Егер сіз өртті өз бетіңізше жоя алмасаңыз, есікті жауып, пәтерден шығып, өрт туралы көршілеріңізге және жоғарыдағы пәтерлердің тұрғындарына дереу хабарлаңыз.
  7. Өрт сөндірушілермен кездесіп, оларды өрт орнына апарыңыз.
  8. Жоғары температурада, қатты түтінмен қозғалу керек, өйткені еденнің температурасы әлдеқайда төмен және оттегі көп.
  9. Егер пәтерден баспалдақ алаңы арқылы эвакуациялау мүмкін болмаса, эвакуация жолдары кесілген кезде балконға есікті жауып, өтіп бара жатқан адамдарды көмекке шақыру керек.

Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі