
21 қыркүйекте сағат 08-00-ден бастап Қарқаралы ауданында, Қарқаралы қаласынан 8 шақырым жерде, «Шахтер» демалыс үйінің ауданында ТЖД, полиция бөлімі және орманшылар күштерімен іздеу жұмыстары жүргізілді.
18 қыркүйекте 1962 жылы туған азамат «Шахтер» демалыс үйіне үш күнге келіп, 20 қыркүйекте демалыс үйінің аумағынан тауға серуендеуге шығып, жоғалып кеткен.
21 қыркүйекте шамамен 09 сағат 30 минутта іздеу жұмыстарының нәтижесінде тартылған ресурстарды-адамдарды, техниканы дұрыс ұйымдастыру мен тиімді пайдаланудың арқасында іздеу тобы жоғалған адамды «Шахтер» демалыс үйінен оңтүстік-шығысқа қарай 4 шақырым жерден тапты. Құтқарылған адамға медициналық көмек қажет емес еді.
Қарағанды облысының ТЖД табиғатқа барар алдында ауа райы болжамын нақтылау, ұялы телефонды зарядтау, туыстарыңызға қайда және қашан баратыныңызды хабарлау және олармен байланыста болу қажет екенін еске салады. Сенімділік үшін Сіз өзіңізбен бірге тамақ, су және дәрі-дәрмек ала аласыз. Өз іс-әрекеттеріңізде ұқыптылық танытыңыз-Орманды өрттен сақтаңыз. Егер шұғыл қажеттілік болмаса, орманда от жағуға болмайды.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі