
«Қазқұтқару-2023» халықаралық жиын-семинарын өткізу аясында Әзірбайжан ТЖМ делегациясының Алматы қаласы ТЖ департаментіне жұмыс сапары өтті.
Іс-сапардың мақсаты-Алматыдағы жедел азаматтық қорғау бөлімшелерімен және құтқару қызметтерінің қызметімен танысу.
Делегацияның алғашқы нысаны – Алматы қаласы ТЖД дағдарысты жағдайларды басқарудың ахуалдық залы болды. ТЖД бастығының орынбасары полковник Асан Айтеев онлайн режимде сел қаупінің автоматтандырылған мониторингі, қала бойынша түтін және өрттерді анықтау үшін бейнебақылау камераларына арқылы мониторингілеу сияқты бірқатар инновациялық цифрлық жобаларды енгізу туралы хабардар етті. Сондай-ақ, өрт сөндіру бөлімшелерін жедел шығуға жіберу уақытын қысқартуға мүмкіндік беретін диспетчерінің автоматтандырылған жұмыс орны -жұмысқа қабілеттілігі көрсетілді.
Халықты оқыту мәселесінің өзектілігін ескере отырып, делегация мүшелеріне арнайы жабдықталған кабинетте өткізілетін ТЖД дайындық курстары көрсетілді. Теориямен қатар тыңдаушылар дәрігерге дейінгі медициналық көмек, жүрек-өкпе реанимациясы, қан кетуді тоқтату және күнделікті өмірде зардап шеккендерге уақтылы көмек көрсету үшін қажет басқа да қажетті дағдылар бойынша шеберлік сабақтарынан өтетіні туралы жеткізді.
Келесі нысан ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағы, сондай-ақ Наурызбай ауданының Ақжар ықшам ауданы жатақханасы бар жаңа үлгідегі өрт сөндіру депосы болды.
Сапардың соңғы кезеңі азаматтық қорғау саласындағы ұлттық ғылыми зерттеулер, дайындық және оқыту орталығымен танысу болды.
Сапар қорытындысы бойынша Әзербайжан ТЖМ делегациясы ҚР ТЖМ құтқару бөлімшелерінің төтенше жағдайларға ден қоюға дайындығы мен жабдықталуына жоғары баға берді.
Алматы қ.ТЖД баспасөз қызметі