
Бүгінгі таңда Ақтөбе қаласының аумағында 188 өрт тіркелді. Өрттің негізгі себептері электр жабдықтарын монтаждау және техникалық пайдалану ережелерін бұзу және отпен абайсызда жұмыс істеу болып табылады.
Бүгінгі таңда жергілікті атқарушы органдарының деректері бойынша әлеуметтік топтың 1685 адамы (көп балалы отбасылар, жалғызбасты зейнеткерлер, мүгедектер) есепке алынды.
Қазіргі таңда 15 қыркүйектен бастап 15 қазанға дейін 2 кезең басталды олар сол 1 кезеңдегі әлеуметтік осал топтағы үйлерінде профилактикалық рейдтер өткізілетін болады, онда үйлер пештердің ақаулықтарын қарап, мұржаларының тазарту қажеттігі туралы және электр қондырғыларының жарамдылығына көніл бөлінеді, сосын тұрғындарға оларды жою бойынша ұсыныстар беріледі.
1 кезеңде бекітілген тізім бойынша 1685 үйге араланды, 3750 жадынама мен парақшалар табысталды, жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша 26 үйде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзулғаны анықталды, олар пештін сынанбауы, мұржаның тазаламауы, пеш алдында темір тақтайшаларының болмауы.
Ақтөбе қаласы әкімінің қолдауымен 200 көміртегі тотығын датчигі сатып алып берді, қазіргі таңда 150 датчиктері қондырылып, 45 темір тақтайшалар орнатылды.
Бұл жұмыс жылыту маусымы аяқталғанға дейін тұрақты негізде жүзеге асырылатын болады.
Ақтөбе облысы ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы