2023 жылдың 23 қыркүйегінде сағат 12.00-де Көкшетау қаласындағы «Тәуелсіздік» алаңында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы күндізгі оқу факультетінің бірінші курсының 100 курсантының ант беру салтанатты рәсімі өтеді. Сонымен қатар алғаш рет оқу орнына қабылданған 4 қыз ант қабылдайды.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Сырым Шәріпханов, Академия бастығы полковник Ерлан Әлібеков, Ақмола облысының жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығы, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысады.
Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы - азаматтық қорғау органдарының офицерлерін даярлайтын жалғыз жоғары оқу орны. Курсанттарды оқу кезеңі бойы мемлекет толықтай қамтамасыз етеді, түлектерге азаматтық қорғау лейтенанты атағы және ҚР ТЖМ бөлімшелеріне жұмысқа орналасуына кепілдік беріледі.
Аккредиттеу мәселелері бойынша
Академияның баспасөз қызметіне хабарласыңыздар
Айгүл Өзекова
Тел: 87785238445
эл.пошта: aigul.tv16@mail.ru