
Ақмола гарнизонына екі жаңа оқу-жаттығу кешені келіп түсті. Кешендер Көкшетау және Щучинск қалаларында орнатылды.
Бұл тренажерлер өрт сөндірушілерді ашық жалын, түтін, жоғары ылғалдылық әсерлері кезінде аса күрделі жағдайларда және агрессивті ортада жұмысқа дайындауға, түтін аймағында адамдарды іздеу және оларды құтқару тәсілдерін пысықтауға, сондай-ақ жаттығушылардың әртүрлі өрт факторларының әсеріне психологиялық тұрақтылығын дамытуға арналған.
Оқу-жаттығу кешені – өрт сөндіруші-құтқарушылардың буыны ештеңе көрінбеген, жарық және шу әсерлері жағдайында зардап шеккендерді іздестіретін шағын құрылым. Сондай-ақ, нақты уақыт режимінде жаттығулардың барысын бақылау мүмкіндігі бар.
«Жылу-түтін камерасының алғашқы сынақтары өткізілді, біз камералар арқылы жаттығулардың барысын бақыладық. Кешендегі жаттығу жағдайлары мүмкіндігінше шындыққа жақын. Бұл кешендер біздің қызметкерлеріміздің оқу үдерістеріне, атап айтқанда жас өрт сөндірушілерді оқытуға көмектесетініне сенімдімін», – деп Щучинск қаласының жасақ бастығы Руслан Базарбаев атап өтті.
Ақмола облысының ТЖД баспасөз қызметі