Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановтың төрағалығымен өңірлік департаменттер бастықтарының кадр және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары лауазымына кандидаттармен әңгімелесу өткізілді.
Сұхбат жаңа форматта өткізілгенін атап өткен жөн. Егер бұрын ол көп сатылы процестің классикалық форматын білдірсе, қазір министр әрқайсысымен жеке сұхбат жүргізеді.
Әңгімелесудің бұл форматы басшылыққа үміткердің ұсынылған лауазымға сәйкестігін анықтауға мүмкіндік береді. Кәсіби кандидаттарды анықтауға ерекше назар аударылды.
Әңгімелесуге аумақтық бөлімшелердің 12 қызметкері қатысты (Алматы, Шымкент қалалары, Абай, Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары).
Сонымен қатар, барлық үміткерлер Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге тестілеуден, сондай-ақ психологиялық тестілеуден өтті.
Әңгімелесуді осындай форматта тұрақты негізде өткізу жоспарлануда.
Бұдан өзге, төтенше жағдайлар вице-министрі Ерлан Нұрпейісовтың төрағалығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және алдын алу қызметінің басқармасының басшысы М.А. Қарғабайдың қатысуымен үміткерлермен «ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының талаптары» тақырыбында семинар өткізілді.
ҚР ТЖМ Кадр және тәрбие жұмысы департаменті