Жетісу облысының тұрғын үйлерінде өрт-тактикалық оқу-жаттығу өтті

Жетісу облысының тұрғын үйлерінде өрт-тактикалық оқу-жаттығу өтті

Оқу-жаттығу Талдықорған қаласының «Көктем» шағын ауданындағы 12 қабатты үйде өтті. Оқу-жаттығу аңызына сәйкес, шартты өрт 7-қабаттағы пәтердің жатын бөлмесіндегі электр сымдарының қысқа тұйықталуына байланысты өрттің ас үй бөлмесіне дәліз арқылы таралуына байланысты болды.

Шақыру орнына келген өрт сөндірушілер шығу кестесіне сәйкес  2 өрттің дәрежесін растап, барлау жұмыстарын жүргізді, сонымен бірге күштер мен құралдарды жоғарғы қабаттардан адамдарды құтқаруға және өртті сөндіруге бағыттады.

АКП-54 және АЛ-32 арнайы өрт сөндіру техникасын пайдалану арқылы адамдарды құтқарып, эвакуациялады.

Өрт сөндіру қызметі биік үйдегі өртті сөндіру тактикасы, арнайы және көмекші техниканы пайдалана отырып, адамдарды үйдің жоғарғы қабаттарынан құтқару және эвакуациялау бойынша міндеттерді пысықтады.

Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты халық арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және нығайту. Құтқарушылар төтенше жағдайлар туындаған кезде тұрғындардың дұрыс іс-әрекеттері адамдардың өлімі мен жарақаттануының алдын алуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Сондай-ақ, тұрғындармен және өскелең ұрпақпен Төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-әрекеттер бойынша  хабардарлықты арттыруға бағытталған үгіт-профилактикалық әңгімелер өткізілді.

Оқу-жаттығуға Жетісу облысы ТЖД және тіршілікті қамтамасыз ету қызметтері 102, 103, 104 , электр желісі, су арнасынан 12 бірлік техника және 52-ге жуық қызметкері қатысты.

 

 

                                                      Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі