Шығыс Қазақстан мектептерінде өрт кезіндегі әрекеттер бойынша жаттығулар өткізілуде

Шығыс Қазақстан мектептерінде өрт кезіндегі әрекеттер бойынша жаттығулар өткізілуде

ШҚО ТЖД қызметкерлері білім беру объектілеріндегі өрт кезінде эвакуациялау ережелері бойынша жаттығуларды жандандырды. Барлығы 300-ден астам осындай сабақтар өткізу жоспарланған.

Қалалар мен аудандардың мектептерінде дабыл сигналы бойынша мұғалімдердің басшылығымен оқушылар мектеп ғимараттарынан шығады, өйткені жаттығу аңызына сәйкес өрт кезінде ғимаратты қою қатты түтін басты. Оқушылар әдеттегі жағдайдан тыс ортада қалай бағдар жасай алатынын көрсетеді.

Эвакуациялық іс-шаралардан кейін барлығының қауіпті аймақтан кетуге уақытының бар-жоғын бақылау үшін қоңыау соғылады.

ШҚО ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері профилактикалық жұмыстар, нұсқаулықтар жүргізеді. Эвакуация кезінде қателіктердің бар-жоғын және төтенше жағдайда дүрбелеңге бой бермеу қаншалықты маңызды екенін түсіндіреді.

Сондай-ақ, ШҚО ТЖД қызметкерлері өртті сөндіру, автоцистерналарға жақын орналасқан гидранттардан су құю бойынша шартты іс-қимылдарды пысықтады.

«Өрт туындаған кездегі басты міндет-оқиғаға уақытында әрекет ету және 101 қызметіне хабарлау, оқушыларды эвакуациялау. Алынған сигнал бойынша біздің бөлімшелер шақырудың жоғары дәрежесі бойынша автоматты түрде шығып, құтқаруды, эвакуациялауды, сөндіруді жүзеге асырады. Іс-әрекеттің үйлесімділігі автоматизмге дейін пысықталуы керек. Сондықтан бұл жаттығулар тұрақты негізде жүргізіледі және педагогтар мен балаларды тәжірибеде оқытуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті ШҚО ТЖД Өрт сөндіру қызметі бастығының орынбасары Болат Нұрдыбаев.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі