
Черепановтар отбасында жазатайым оқиға орын алды. Пәтерде ас үй жиһазы өртенген. Бірақ үй иесі абдырап қалмай бірден өрт сөндірушілерді шақырған.
16.45-те шақыру орнына келген кезде төрт қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатында 3 шаршы метр аумақта ас үй жиһазының өртенгені анықталды. Жағдайды бақылап, тұрғындарды эвакуациялау жүргізілді. Зардап шеккендер жоқ. 16.55-те оқшауланған өрт 16.59-да жойылды, сонымен қатар үй жиһаздары мен материалдық құндылықтар бүтін қалды.
«Менің ас үйімде жиһаздарының жануы орын алды. Мен сіздерің «101» құтқару қызметтеріңізге бірінші рет жүгіндім, өрт сөндірушілер тез арада келіп жылдам әрекеттерінің арқасында өртті тез арада жоя білді. Пәтерімді сақтап қалғандарыңыз үшін сіздерге алғысым шексіз. Көп рахмет», – деді пәтер иесі Вера Черепанова.
Ақмола облысының ТЖД облыс тұрғындары мен қонақтарына өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтау қажеттігін еске салады. Төтенше жағдай туындаған жағдайда «101» және «112» нөмірлеріне қоңырау шалыңыз.
Ақмола облысының ТЖД баспасөз қызметі