ТЖ министрі Маңғыстау облысы ТЖ департаментінің жеке құрамымен кездесті

ТЖ министрі Маңғыстау облысы ТЖ департаментінің жеке құрамымен кездесті

Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов ТЖМ аумақтық бөлімшелерінің жеке құрамымен кездесіп, олардың материалдық-техникалық жабдықталуымен танысты.

Министр атқарылған жұмыстар туралы баяндамаларды тыңдап, өңірді төтенше жағдайлардан одан әрі қорғау жөнінде бірқатар тапсырмалар берді. Жеке құраммен кездесу барысында ТЖМ бөлімшелері қызметкерлерін оқытуға, біліктілігін арттыруға және жұмыс жағдайларын жақсартуға қатысты мәселелер талқыланды.

Сонымен қатар, сапар барысында министр "CASPI BITUM "БК"ЖШС аумағында өрт-тактикалық оқу-жаттығуға қатысты. Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты мұнайдың газойль фракцияларын сақтауға арналған резервуарлардағы өртті сөндіруге дайындық деңгейін тексеру болды.  

Оқу-жаттығуға Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің, "Семсер-Өрт сөндіруші" ЖШС, "Зевс Энерго" ЖШС, "МАЭК" ЖШС, "Ақтау Сервис" ЖШС күштері мен құралдары жұмылдырылды. Газ-су сөндіру автомобилінің жұмысы көрсетілді.