
ТЖ алдын алу саласындағы ақпараттық сауаттылықты арттыру мақсатында білім беру мектептерінің оқушылары мен оқытушылары арасында – ТЖД қызметкерлері облыстың барлық мектептерінде «Қауіпсіздік сабақтарын» өткізді.
Мектепте, үйде, балабақшада-өрт қауіпсіздігі ережелері туралы, сондай-ақ төтенше жағдай туындаған жағдайда әрекет ету алгоритмі туралы балаларға үнемі еске салу қажет. Сондықтан ТЖ қызметкерлері жас ұрпақтың қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін арттыруға арналған оқушылар үшін үнемі оқыту сабақтарын өткізеді. Сабақта балаларға үйде өрт болған жағдайда өзін қалай дұрыс ұстау керектігі, өрт сөндіру қызметін қандай телефон арқылы шақыру керектігі, эвакуациялау тәсілдері туралы айтылды.
Оқушыларға қауіпсіздік сабағы аясында табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ алдын алу бойынша оқыту бейнероликтері, алғашқы дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету әдістері және өрт сөндірушінің жауынгерлік киімін кию көрсетілді.
Сондай-ақ, өрт туындаған жағдайда әрекет ету шараларымен танысу үшін анимациялық иллюстрациямен «Қауіпсіздік әліпбиі 4D» қосымшасы көрсетілді.
Департамент атынан өрттің алдын алу, бейнероликтер жасау және өрт қауіпсіздігін насихаттауды арттыру бойынша белсенді қатысқаны үшін Талдықорған қаласының №28-IT мектебінің 2 және 4 сынып оқушыларынан 2 оқушы грамотамен марапатталды.
Жетісу облысы ТЖД қызметкерлерімен өткізілетін осындай іс-шаралар оқушыларда қауіпсіздік бойынша берік білім қалыптастыруға мүмкіндік береді, бұл, әрине, болашақта оларға пайдалы болады.
Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі