Алматы қаласының 13 қабатты тұрғын үй кешенінде өрт сөндірушілер "өртті" жойып адамдарды құтқарды

Алматы қаласының 13 қабатты тұрғын үй кешенінде өрт сөндірушілер "өртті" жойып адамдарды құтқарды

 

2023 жылғы 19 қыркүйекте Алматы қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің Өрт сөндіру бөлімдері мен мамандандырылған арнайы жасақ кезекшілерімен "Райымбек" тұрғын үй кешенінде өрт-тактикалық оқу-жаттығулары өткізілді.

Өрт-тактикалық оқу-жаттығудың жоспары бойынша 13 қабатты үйде электр кабельдерінің авариялық жұмыс режиміне байланысты қысқа тұйықталу орын алып,  5 және 7 қабаттар арасында кабель шахтасы өртенді. Улы түтін барлық бөлмелерге тез таралып, терезелер мен балкондардан тұрғындар көмек сұрай бастады.

Өртті 5-қабаттың тұрғыны анықтады, ол қатты түтін туралы 101 нөмірі бойынша өртке қарсы қызметке хабарлады. Диспетчерлік құрам автоматты түрде шақыртудың жоғары дәрежесі бойынша күштер мен құралдарды жібереді. Келген өрт сөндіру бөлімшелер дереу құтқару жұмыстарына кірісті. Тұрғындардың  арасында үрейдің алдын алу шаралары қабылданды, дауыс зорайтқыш құрылғылар іске қосылды, полиция қызметкерлері тұрғын үйдің периметрін қоршап алды. Қосымша күштердің келуіне қарай өрт сөндіру автосатырлары орнатылды, "Өмір Кубы" құтқару құрылғысы және гарнизон қызметіндегі басқа да құтқару құралдары пайдаланылды. Сонымен қатар, газ-түтіннен қорғау қызметінің буыны 7-қабаттағы түтінді пәтерге кіріп, құтқару арқанының көмегімен зардап шеккен адамды Апаттар медицинасы орталығының медициналық қызметі күткенқауіпсіз  орынға түсіреді. Түтін концентрациясын төмендету үшін түтін шығаратын көлік жұмылдырылды. Айта кету керек, құтқару шатырлары мен өмір текшесін қолдану" биіктігі шектеулі, бұл әдетте 4 қабаттан аспайды. Олардан жоғары адамдарды құтқару өте қауіпті. Құтқару тенттері мен «Өмір текшесін» қолдану мүмкіндігі шектеулі, әдетте 4 қабаттан аспайды, жоғары қабаттардан адамдарды құтқару өте қауіпті. Оқу – жаттығу қорытындысы бойынша басты мәселе -тар көшелер мен жеке көліктердің көптігіне байланысты арнайы техниканың ғимараттарға өтуіне қиындатты.

Алматы қаласының ТЖД ескертеді: көпқабатты үйлердің жанында машиналарды қалдырған автокөлік иелері адам өмірін сақтап қалуға кедергі келтіруі мүмкін.

Алматы қ.ТЖД баспасөз қызметі