
Ақтөбелік құтқарушылар өрт қауіпсіздігі аясында білім беру объектілерінде алдын алу жұмыстарын бастады. Соның бірі Қарғалы ауданы орта мектептерінде адамдарды эвакуациялау бойынша алғашқы оқу жаттығулары өтті.
Оқу-жаттығудың жоспары бойынша сабақ кезінде жергілікті мектеп ғимаратында автоматты өрт дабылы іске қосылды. Білім беру мекемесінің 330 тәрбиеленушісі персоналдың бақылауымен ТЖ аймағынан жақын жердегі эвакуациялық шығу жолдары арқылы қауіпсіз орынға өз бетінше эвакуацияланды.
Шынайы өмірде, өрт немесе басқа да төтенше жағдайлар кезінде қиын жағдайларда балалар жылдам және тез арада дұрыс шешім табуы маңызды. Оқу процесі барысында оқушылар мен мектеп қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету – әкімшіліктің басты міндеттерінің бірі.
Жаттығуға қатысушылар мектеп ғимаратынан шұғыл эвакуация жағдайында нормативтерге сәйкес іс-қимылдарды пысықтады.
ТЖБ бастығы А.Каркулов оқу эвакуациясы үйлесімді, ерекше ескертулерсіз өткенін атап өтті.
Аталмыш оқу-жаттығулар жақын арада облыстың басқа аймақтарында да жоспарланған. Сонымен қатар, беру мекемелерінде ұйым басшыларымен және педагогтармен қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша қосымша нұсқаулықтар өтеді. Құтқарушылар эвакуация бойынша әңгімелер, дәрістер, практикалық жаттығулар, оқушыларды өртке қарсы сауаттылық негіздеріне оқыту бойынша ашық сабақтар өткізді».
Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметі