ТЖ министрі кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметінің жұмысымен танысты

ТЖ министрі кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметінің жұмысымен танысты

Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов "Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы" ЖШС-де болып, кезекші қызметтің жұмысымен, тау-кен құтқару бөлімшелерінің техникасымен, жабдықтарымен, оқу шахтасымен және полигонымен, сондай-ақ газ жағдайын талдау жөніндегі зертханамен танысты.

Қарағанды тау-кен құтқарушылары көмегімен Көмір кәсіпорындарында көптеген апаттар жойылды, көптеген адам өмірі құтқарылды. Авариялық-құтқару қызметін қазіргі заманғы авариялық-құтқару құралдарымен жарақтандыру бойынша сұрақтар қаралды.

Қорытындылай келе, Сырым Шәріпханов жеке құрамның жұмысы тиімді болатынына және бөлімшелердің авариялық-құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды орындауға тұрақты жауынгерлік әзірлігін қамтамасыз етуге бағытталатынына сенім білдірді.

Сондай-ақ, Министр өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінің жұмысымен танысты, жеке құраммен кездесті, басшылықпен мәселелерді талқылады, сондай-ақ еңбек тәртібін нығайтуға және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында көрсетілетін қызметтердің сапасын одан әрі жақсарту, мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі іс-шараларға ерекше назар аударылды және қатысқан мамандар тиісті ұсынымдар мен тапсырмалар алды.

 

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі