Төтенше жағдайлар министрі Қарағанды облысы ТЖД жеке құрамымен кездесті

Төтенше жағдайлар министрі Қарағанды облысы ТЖД жеке құрамымен кездесті

Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов ТЖД және ТЖМ аумақтық бөлімшелерінің жеке құрамымен кездесті. Министрге ТЖД қызметіндегі ең жаңа авариялық-құтқару техникасы мен жабдықтары көрсетілді.

Сапар барысында министр ТЖД басшылығының атқарылған жұмыстар туралы баяндамасын тыңдап, өңірді төтенше жағдайлардан қорғау жөнінде бірқатар тапсырмалар берді. ТЖД бөлімшелерінің қызметкерлерін оқытуға, біліктілігін арттыруға және жұмыс жағдайларын жақсартуға қатысты мәселелерді талқылады. Ол сондай-ақ жеке құрамның сұрақтарына жауап берді.

Жеке құраммен кездесу барысында Министр қызметтік міндеттерін атқару кезінде ерекше көзге түскен азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен ардагерлеріне алғыс хаттар табыс етті. Сонымен қатар, салтанатты жағдайда Сырым Шәріпханов Қарағанды өңірлік гарнизоны әскери полиция басқармасының әскери қызметшілерін тұрғын үйдегі өрт кезінде баланың өмірін сақтап қалу кезінде көрсеткен мужігі мен жанқиярлығы үшін марапаттады.

Кездесу соңында министр барлық қызметкерлерге көрсеткен қызметі үшін алғысын білдіріп, олардың өңірдің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлінің маңыздылығын атап өтті.

 

 

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі