Өрт – аса қауіпті тілсіз жау. Қай кезде де бұл құбылысқа бейқам қарауға болмайды. Өрт, су сынды айтып келмейтін апаттардан алдын ала сақтану, оған тас түйін дайын болу – күн тәртібіндегі маңызды мәселенің бірі. Осындай қамсыздықтың салдарынан елімізде орны толмас қайғылы оқиға орын алуда.
Жыл басынан бері облыс аумағында 179 өндірістік-тұрмыстық және табиғи өрт тіркелді (2022 жылы - 186), 3% төмендеді.
Орын алған өрт оқиғалары кезінде:
Өрттің негізгі себептері:
2023 жылы электр жабдықтарын монтаждау мен техникалық пайдалануды бұзумен байланысты 124 жағдай тіркелді, бұл өрттің жалпы санының 69% құрайды.
Тұрғын үй секторында өткен жылмен салыстырғанда өрттің саны тұрақты, автокөлікте 4% - ға өскен.
Өрттердің пайда болуының негізгі орындары тұрғын үй секторы болып қала береді - өрттердің жалпы санынан-99 (55% - ға), көлік құралдары -50 (27% - ды) құрап тұр.
Жалпы өртке қатысты статистикалық деректер көңіл көншітерліктей емес. Ал өрт – адамның өмірі мен денсаулығына, қоғамға залалын тигізетін, қоршаған ортаға ауқымды материалдық зиян келтіретін орасан апат.
Сондықтан Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады!
Жылыту маусымы алдында, пештерді және түтін тарту жолдары жағдайының дұрыстығын тексеріп, ыстан тазалап, жарықтары болса, құм-саз сылағын жүргізіп, түтін мұржаларын әктеген жөн.
Температураның төмендеуіне байланысты, электржылытқыш құрылғыларын қосу көбейе бастайды, тиісінше электр желісіне күш түседі. Жиі пайдалану салдарынан табиғи ескіруден, жоғары қуатта қолданылған электр желісінің қысқа тұйықталуы, өрттің шығуына әкелуі мүмкін.
Сондықтан да өзіміздің және жақындарымыздың қауіпсіздігі үшін барлық талаптарды сақтау қажетпіз. Ең бастысы балаларды қараусыз қалдырмауларыңызды, қауіпсіздік ережелерін үнемі олардың естеріне салуларыңызды, төтенше жағдай орын алған кезде «101», «112» шұғыл қызметтердің телефон нөмірлерін жаттатуларыңызды сұраймыз!
Б. Қабақов
Атырау облысы ТЖД
Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының
техникалық нормалау тобының аға инженері
азаматтық қорғау аға лейтенанты