Балаларды үйде жалғыз қалдырмаңыздар!

Балаларды үйде жалғыз қалдырмаңыздар!

Ақмола облысы ТЖД балаларды жалғыз қалдыру өте қауіпті екенін еске салады, олардың қызығушылығы орны толмас қайғыға әкеп соғуы мүмкін. Сіріңкелер, оттықтар, шамдар балалардың қолы жетпейтін жерде сақталуы тиіс. Балалар көп қабатты үйлердің терезелерінен құлап кетпеуі үшін, баланың терезеге көтерілуіне жол бермеу үшін жиһаздың барлық түрлерін терезелерден алыс қойыңыз.

Ата-аналар мен жақын адамдар балалардың өміріндегі үлгі, сондықтан балалармен бірге болған кезде сақ болу және барлық қауіпсіздік талаптарын сақтау маңызды.

Балалармен сөйлесу, оларға қауіп-қатерлер мен олардың алдын-алу туралы айту өте маңызды. Балалардың бос уақытын ұйымдастыру олардың қатысуымен болатын оқиғаларды азайтуға көмектеседі.

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі