
Павлодар облысы ТЖД қызметкерлері жылыту маусымы алдында профилактикалық рейд өткізді
Жылыту жүйелері мен қондырғыларын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау өте маңызды.
Жылыту маусымы басталғанға дейін бірнеше ай бар, бірақ жеке үйлердің тұрғындары қазірдің өзінде пешпен жылытуға жүгініп, электр жылытқыштарын пайдалануда. ТЖД қызметкерлері түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, үйлерді аралап , жадынамалар таратты, бірақ халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына - жалғыз тұратын зейнеткерлер мен көп балалы отбасыларға ерекше көңіл бөлінді.
Мұндай үйлерде қызметкерлер түтін өтетін мұржаларды тазалап, пештердің жарамдылығын тексеріп, улы газ датчиктерін орнатты.
Тәжірибе көрсеткендей, жылыту маусымының басталуымен өрт көбейіп келеді. Өрт көбінесе қауіпсіздік ережелерінің бұзылуынан болады. Сондықтан пештерді жағу және электрмен қыздыру құралдарын пайдалану кезінде барынша сақ болу қажет. Пештің алдында аяқ киім мен отынды кептіруге болмайды және жанып тұрған пештің жанына нәрестелерді ,пеш жағуға балаларды жіберуге болмайды.
Тұрғындарды барынша хабардар ету үшін апта сайын «Өрт қауіпсіздігі күндері» өткізіледі.
Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі