
Жыл сайын күздің басында әлемнің әртүрлі елдерінде Дүниежүзілік тазалық күні (World Cleanup Day) экологиялық акциясы өтеді.
Осы акция және елорда әкімдігі ұйымдастырған «Жасыл Астана» экологиялық айлығы шеңберінде 2023 жылғы 16 қыркүйекте ТЖМ қызметкерлері арасынан 45 адам жалпы қалалық сенбілікке қатысты.
ТЖМ үшін «Ботаникалық бақ» аумағының ¼ бөлігі, Орынбор және Түркістан көшелерінің бұрышынан диагональ бойынша саябақтың орталық бөлігіне дейін анықталды.
Учаскенің аумағын жинау барысында көгалдар қоқыстан тазартылып, саябақтың аумағын тиісті тәртіпке келтіре отырып, құрғақ учаске жиналды.
Оған қатысқандардың әрқайсысы одан жақсы әсер алды: атқарылған жұмыстан қанағаттану, әріптестерімен қарым-қатынастан жақсы көңіл-күй және жайлылық пен тазалықты құруға өз үлесін қосқанын түсіну.
Астана қаласының аумағын абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту бойынша жыл сайынғы экологиялық айлықтар ТЖМ қызметкерлері үшін жақсы дәстүрге айналды
ҚР ТЖМ Кадр және тәрбие жұмысы департаменті